[:kz]
Кеше Лондон (Англия) қаласындағы 24 қаббаты биік үйлердің бірінде өрт шығып, таң атпастан елді дүрліктірді. Сәресі уақыты таяған кезде байқалған қызыл жалын мен қою түтінді ауыз бекітуге асыққан мұсылмандар бірінші байқап, ұйқы құшағында алаңсыз жатқан көршілерін оятуға кіріскен.
«Ораза өмірімізді құтқарып қалды. Мұсылмандар бұл кезде ұйықтамаған болатын, яғни сәресіге дайындалып жатқан едік. Осы арқылы олар өздерін де, өзгелерді де аман алып қалды», – дейді өртке шыққан үйде тұратын судандық азамат.+
Тілсіз жаудан 6 адам құрбан болып, 70-тен астам жан түрлі дене жарақатын алған. Тілсіз жаудың дер кезінде тізгінделмеуіне аталмыш ғимаратта өрт дабылы істемейтіні себеп болған.
muslim.kz
[:]