АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Біздің мэріміз – ит»[:]

[:kz]

 

 

 

АҚШ-тың Кентукки штатындағы Рәббит-Хэш қаласының мэрі болып тағы да ит сайланды. Бриннет Паултро деген аты бар үш жасар питбуль сайлауда тауықты, мысықты, есекті және басқа да кандидаттарды жеңіп шықты.
2010 жылғы санақ бойынша Рәббит-Хэш қаласында 315 адам тұрады. Бұл шаһарға ит төртінші рет әкім болып келіп жатыр. 1998 жылы тұқымы аралас Гуфи Борнмен деген ит «билікке келіп», 2001 жылы өмірден өтті. Оның орнын Жуниор Кокран есімді қара лабрадор басып, біраз уақыт «әділ билік жүргізді». Ал үшінші мэр мәртебесі Люси Лу деген аты бар бордер-коллиге бұйырды. Ол бұл лауазымға жеті жыл ие болып отырды.
Әрине, бұл хайуандардың билігі символдық мәнге ғана ие. Олар қоғам өміріне еш әсер ете алмайды. Хайуандар арасындағы сайлау қаланы абаттандыру үшін өткізіледі. Оған қатысу үшін тұрғындар бір доллар төлейді және бірнеше рет дауыс беру құқығына ие болады. Биылғы питбуль жеңісінен түскен қаржы өртенген дүкенді қалпына келтіруге жұмсалады.
2016 жылы Люси Лу өз кандидатурасын АҚШ президенті орнына ұсынатыны да айтылып қалды. Бордер-колли Американы утопияға айналдыру үшін мемлекеттік органдардың шығынан қысқартуға «уәде берді». Бұл сайлауда республикашыл Д.Трамп жеңіске жеткені белгілі.

Дайындаған Есалы ӨСТЕМІР

zhasalash.kz/

[:]