АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресейде кедейшілік кебін кигендердің қарасы қалыңдап барады [:]

[:kz]

Ресейде кедейшілік кебін кигендердің қарасы қалыңдап барады. Бір алаңдататыны осыдан 5 жыл бұрын олардың саны 15 миллионнан астам болса, биыл 22 миллионға жеткен. Ресейдің әрбір алтыншы тұрғыны шектен тыс кедей тұрады. Ресми мәлімет бойынша, биылғы жылдың алғашқы үш айында мұқтаж адамдардың қатарына екі миллион адам қосылыпты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар-24 мәліметіне сүйеніп.

— Мүгедектер, зейнеткерлер сияқты әлеуметтік жағдайы нашар жандардың табыстары дұрыс есептелмеген. Тағы бір себеп – жұмыссыздар санының артуы. Оған қоса көлеңкелі экономиканың үлесі көбейіп бара жатыр, — дейді Экономика жоғары мектебінің профессоры Александр Абрамов. Өткен алты жылдың ішінде Ресейде кедейлердің саны күрт көбейген.

Ал, биылғы өсімінің себебін мамандар нақты айта алмайды. — Мұнай бағасы да, ұлттық валюта бағамы да сол қалпында тұр. Кенеттен осындай жағдайға тап болдық. Оны зерттеп, арнайы шара ойластыру керек. Мұқтаж жандардың саны өзінен-өзі азаймайды. Қазіргі жағдай экономика саласына айтарлықтай өзгерістер енгізуді талап етеді, — деп түйді А.Абрамов.

Бұл жерде мамандар оғаш көретін бір жайт бар. Кедейліктің алдында тұрғандардың арасында әлеуметтік жағынан белсенді, жұмыс істейтін адамдар аз емес. Нақтырақ айтқанда олардың саны 5 миллион адам. Мамандардың айтуынша оның себебі – көлеңкелі табыс табатындардың саны көбейгенінде. Жалпы алғанда нақты кедейліктің көлемі статистика көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары дейді экономистер. 
Шолушы: Айгерім Таубай

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/21735

[:]