[:kz]
ЕРКЕКТІК НАМЫС
Жұмысқа ертіп келгем. Білдей 5 жаста. Үлкен дәретін бұтына жіберіпті.
— Мұның не? Есің дұрыс па? «Туалетке барам»-деп айтпайсың ба? Сасыттың ғой, оңбаған! Күн болса аяз, көтенің қатып, гипс болады қазір. Неге айтпайсың?, — деп айғайлап жатсам:
— «Тышам» деп, қалай айтам, қыздардан ұят қой, — дейді әріптес қыздарды меңзеп. Сөйтіп, үлкен дәретін айтуға еркектік намысы жібермей, бұтына тыша салыпты.
Әй, еркектер-ай!)
Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]