АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Салқын көжені әжетханадағы судан жасай салған апаның қылығы жұртты шошытты[:]

[:kz]

Алматы тұрғыны базардың әжетханасында бір әйелдің шелекке піскен арпа салып, сосын қол жуатын шүмектен су құйып, салқын көже жасап жатқанының куәсі болған. Бұл жағдайды ол жұртқа жария етуді жөн санапты.45

Фейсбуктің Ләззат Тоқмолдаева есімді қолданушысы бұл сорақылықты көріп жағасын ұстаған, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Барахолка дəретханасына кіріп, мынандай көзбояушылықтың куәсі болдым. Бір апа қолындағы үлкен қол дорбасымен кірді де, ішінен бір кішігірім дорбасын шығарып, ішіндегі піскен арпаларын бір шелекке салды. Қайтер екен деп қарап қалдым. Əлгі шелекке дəретханадағы қол жуатын шүмектен қолындағы ожауымен су толтыра бастады. Сонан соң əлгі шикі су құйылған сумен, арпаны арлы-берлі араластырып, үстіне бөтелкелердегі айрандарын құйды. Содан соң, əлгі қол дорбасынан арнайы мұздатылған бөтелкедегі мұздарын кір қожалақ бөтелкесімен шелегіне салды да, əлгі көжесін сатуға шығып кетті. Бұл не масқара? Біріншіден, дəретхананың қайнатылмаған шикі суы, екіншіден сырты кір қожалақ бөтелкедегі мұз. Сонда бұл қандай көже? Адамдар оның бір стақанын 100 теңгеден алып ішеді. Оның үстіне дəретхана таза жер емес. Ондағы ішек құрт таяқшалары адам ағзасына түскен соң, не болмақ?» деп жазады Л.Тоқмолдаева.

Бұл жағдай көптеген желі қолданушыларының ашуын туғызды. Бірақ «Қайтсін енді? Күнкөріс қамы ғой» деп түсіністік білдіріп жатқандар да бар.

kaz.caravan.kz

[:]