АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ ұлы кавказдықтарды тәнті етті[:]

[:kz]

Таяуда Ингушетияның Таргим қаласына жақын жерде «Таудағы айқас-6» деген атаумен аралас жекпе-жектен кезекті турнир болып өтті. 

Бұл турнирде алматылық спортшы Арман Әшімов осы уақытқа дейін жеңілуді білмей келген дағыстандық Гаджимурат Алиевпен кездесті.

Жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ Г.Алиев басымдық алуға әрекеттенді, бірнеше шабуылдар жасады. Бірақ Арман берілмеді, қарсыласының шабуылдарына лайықты жауап беріп отырды, өзінің күші мен мүмкіндіктерін байқатты. Алиев бір мезет тиым салынған тәсіл қолданып, кіндіктен төмен тұстан теуіп жібергенде де Арман біраз қиналғанымен сыр бермеді, шыдады, беті қайтып қалған жоқ.

Ал кездесудің екінші раундында екпіндей ұмтылған Алиевті Арман оң қолдың мықты соққысымен қарсы алды. Бұл соққының жойқын болғаны сонша, Алиев бірден есеңгіреп, етпеттей құлады. Тағы да бір-екі жақсы соққы алғанда оның орнынан өз күшімен тұруы неғайбіл еді. Мұны байқаған төреші Арманның қосымша соққылар жасауына мүмкіндік бермей, айқасты бірден тоқтатты.

Осылайша Арман өзінің кәсіпқой спорттағы алғашқы жекпе-жегін  жұртты сүйсіндірген кереметтей жеңісімен аяқтады.

…Арманның жасы қазір 25-те. Ол кикбоксингтен Қазақстанның, Еуразияның, Еуропаның чемпионы. Кезінде «Алаш Прайд» турнирінде бірнеше мәрте өнер көрсеткен. Осыған дейін 11 жекпе-жек өткізген, оның 8-інде жеңіске жеткен, 1 мәрте теңбе-тең түскен. Жеңістерінің көбі – нокаутпен.­

Ал кешегі Ингушетияда өткен турнирді ұйымдастырушылар Арман Әшімовтің өнеріне риза болды, онымен келісім-шартқа тұрғысы келетіндерін бірден білдірді. Мұндай шақырту алу екінің біріне бұйыра бермейді. Турнирді ұйымдастырушылар енді бір жекпе-жекте жеңіске жетсе, Арманның чемпиондық титул үшін күресе алатынын да айтып жатыр.

Алға, қазағым!

Д. НҰРПЕЙІС.

 Zamana.kz 

 

[:]