[:kz]
Қырғызстанда президенттік сайлауға қатысуға ниетті 11 үміткер бұрын қылмыстық жауапқа тартылған, солардың жетеуі сотталған. Бұл туралы 1 тамызда Орталық сайлау комитетінің төрағасы Нұржан Шайлдабекова мәлімдеді деп жазады centralasian.org. |
Оның айтуынша, үміткердің бірі алаяқтық жасағаны үшін екі мәрте сотталған, бірақ жазасын өтеп шыққан.
«Біздің заңдар либералды болғандықтан, жазасын өтеп шыққандар президенттікке үміткер атана алады. ОСК заңмен жұмыс істейді», — деді Шайлдабекова.
Оның айтуынша, президенттікке үміткер 59 адамның жетеуі әйел. Сегіз үміткер мемлекеттік қызметте, жетеуі — коммерциялық ұйымдарда, 29-ы ө коммерциялық емес ұйымдарда істеді. Тоғыз үміткер уақытша жұмыссыз, алтауы — зейнеткер.
.caravan.kz
[:]