[:kz]
Бала жылаған кезде «іңгә» деген дыбыс шығарып жылайды. Ал оның шығарған дыбысын таңбалап беруге қазақ тілінің толық мүмкіндігі жетеді. Басқа тілдерде бұл дыбыстар болмағандықтан, нақты іңгә деген сөзді ести де алмайтын шығар.Басқаны мұқатып отырып, қазақты артық көрсететін аурумен мектеп жасында ауырып қойғам. Бұл ешкімді кемсітпей- ақ, шынайы қазақ тілінің артықшылығы. Ал әр ұлтта әрқандай салаға байланысты артықшылық болады. Әңгіме бұда емес.Кеше «Қалаулым» деген бағдарламаны көріп отырғанмын. Ол жайында PR-дайындауға тиіс едім. Жүргізушінің сөздерін естіп отырып: «Шіркін, мына қызды А.Тасымов ағайдың алдына бір алып барса…» деп ойлап отырдым. Қ-ның барлығын қатаң қылып, үндестік заңынан мақұрым екенін барынша дәлелдеуге тырысып баққан жүргізушіге ренжіп, видеоны жауып қалып, осында өтсем, Тасымов ағай жайындағы қайғылы хабарды оқымасым бар ма? Осындай да сәйкестік болады екен?! Сөзі сауатсыздарды естігенде енді кімді көз алдыма елестетіп, қиялыма қалай ерік берер екенмін. Жарайды, жай қыстыра салған сөз ғой. Тасымов түгілі қазақтың өзіне пысқырып қарамайтын, қазақша сөйлей алмайтын жүргізушілер үшін «Сап, сап көңілім, сап көңілім»,- дей салармын. Әлгі мен айтқан бағдарламаны Аша Матай жүргізеді.Дұрыс, дәурені жүріп тұрған болар. Бағдарламада рейтинг болу үшін оны жүргізушілікке шақырған да шығар. Көрсеңіздер, айта салыңыздаршы, мен оған тегін фонетикалық сабақ өткіземін. Көп миын ашытпаймын. Үндестік заңы, қысқасы оған қажетті орфоэпияны түсіндіріп беремін. Сабақ ол үшін тегін…
Айнур Толеу
[:]