[:kz]
Синоптиктердің болжауынша алдағы екі күнде қатты ыстықтың беті қайтып, еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстік аймақтарда да ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. |
Өткен демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болды. Ең жоғары ауа температурасы +28…+35 градус болса, еліміздің оңтүстігінде +38…+41 градусқа дейін жетті. Бұл климаттық нормадан 4…14 градусқа жоғары.
Алайда алдағы тәуліктерде Поволжья аудандарынан ауысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы шығысқа қарай жылжитын болады. Осы циклонның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай кезіндегі желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді.
Елімізде суық антициклон таралып, солтүстік аймақтарда ғана емес, оңтүстікте де ыстық едәуір қайтады.
[:]