[:kz]
Ақмолалық кәсіпкерлерге өнімді экспорттау үшін жаңа құрал таныстырылды. 29 тамыз Көкшетауда өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Zoodel компаниясы бизнес-семинар өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шара ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, АО «НК «КAZAKH INVEST», «Атамекен» ҚР ҰКП және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Сыртқы нарықтағы қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» мемлекеттік бағдарламасының аясында өтті.
Өңірлік өндірушілерге ақпараттық технологияларды қолдана отырып, отандық экспорттың жаңа құралдарын жылжыту ұсынылды. Бұл ТМД және Жібек жолы елдерінің (Түркия, Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан және тағы басқа) нарығына шығуға және серіктестермен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
ZOODEL – дың сату бойынша директоры Азамат Мұхаммед өз сөзінде «Zoodel.com» В2В халықаралық сауда онлайн-алаңы экспорт қызметтерінің толық спектрін және ШОБ дамытуды ұсынатындығын және мұның оқыту, маркетингтік жылжыту, сауда серіктестерін сәйкестендіру, логистика, қауіпсіз төлем, көптілді контент, тендерлерге қатысу және басқа да қызметтер екендігін атап өтті.
Экспорт құрылымында негізгі үлесті мыналар алады: бидай, подшипниктер, арпа, рапс тұқымы, тауық, жұмыртқа, пластмассадан жасалған құбырлар. Ал импорттың құрылымындағы негізгі үлесті тракторлар, өсімдіктерді қорғау құралдары, мұнай өнімдері, этилен полимерлері алады.
Алтынорда
[:]