АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жылуға 10 млрд теңге қарыз[:]

[:kz]

 

 

 

 

 

 

Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшысы Сұңғат Есімхановтың хабарлауынша, ел азаматтарының энергетика кәсіпорындары алдындағы қарызы 10 млрд теңгеден асады. «Қарыздың көп бөлігі, яғни 3 млрд теңге Алматы қаласына тиесілі. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша да қарыз 3 млрд теңге шамасында. Қалған облыстарда қарыз біршама төмен», – деді Есімханов. Оның айтуынша, қарыз көлемі жылу беру маусымы басталар кезде үнемі осындай деңгейде болады екен. «Бізде жылу маусымы аяқталып, қайтадан басталғанға дейін, жаздың үш айында қарыздардың деңгейі үнемі жоғары болып қалады. Өйткені энергия тұтынушылар қыс басталған кезде ғана төлем жасайды», – дейді Есімханов.
 zhasalash.kz

 

[:]