[:kz]
Бугiнгi таңда қыз-келіншектерге арналған психологиялық тернинг көбейіп кетті. Пәленшеге, Түгенше ханымдар ауыл-аймақтарды аралап жүр. Негізі ауыл-аймақтағы қыз-келіншектерге ешқандай тернинг керек емес! Қалалық қатындарға болмаса. Осы ретте, ел ағаларына ұсынысым бар еді, Мырзалар! Ауыл-аймақтағы жігіттерге әйелді құрметтеу, қызды алып қашпау, оларға күш көрсетпеу сынды тернингтер өткізіңіздерші! Кеше бір қызды күштеп көлікке отырғызып, еркінен тыс әйелі етпек болған. Көліктен түсіп қалу мақсатында еңгезердей еркектермен алысқан қыз есінен танып қалыпты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына, ата-анасынан кешірім сұрап қызды үйіне жеткізіп салудың орнына көшеде қалдырып өздері қашып кеткен! Біреудің аялап отырған жалғыз қызына осылай моралдық зақым әкелу не деген жабайылық! Оу, ел ағалары! Қыз-келіншектердің киім-кешегімен алысқанша інілеріңізге кеңес беріп, бағыт айтып қойсаңыздар, қайтеді?! «Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк» дейді ғой, дәл сол сияқты бір жігіттің кесірі қаншама нар тұлғалы азаматтарға тиіп кетуі мүмкін ғой! «Әр қазақ менің жалғызым» дейтін намысты азаматтар, бауырларыңызға бас-көз болып қойсаңыздар! Көзі ашық, көкірегі ояу жігітсіздер ғой!
facebook.com парақшасынан
Мадина Махамбеткызы
Alashainasy.kz
[:]