[:kz]
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұйғыр ауданының атауын өзгерту жоспарда жоқ екенін айтты.
Брифинг барысында журналистердің бірі облыс әкімінен “Ұйғыр ауданының атауын өзгерту жоспарда бар ма?” деп сұрады, деп хабарлайды Sputnik.
“Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы мәселе көтерілген жоқ, әзірге көтерілмейді де. Бұған байланысты қазір бірталай мәселе бар, болашақта мүмкін көтеріліп қалар. Бірақ дәл қазір ондай мәселе жоқ”, — деді облыс әкімі.
Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы сөз қоғамда оқтын-оқтын айтылып қалып жүр. Мәселені көтеріп жүргендердің айтуынша, бұл жердің тарихи атауы — Шарын, ұйғыр ауданы деген кеңес үкіметі таңған сөз.
stan.kz
[:]