АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Уот, қыздар, өмірде осындай да болады, сондықтан үмітті ешқашан үзуге болмайды[:]

[:kz]

Болашақ жарын небір жағдайларда кездестірген жандар көп екен ғой. Мен тек туған күнде, би алаңдарында, бешірлерде ғана кездестіре ме десем))). «Жұлдыз ФМ» радиосында «сүйіктіңізді қалай жолықтырдыңыз?» деген тақырыпта тыңдармандардың хаттары оқылып жатыр. Бір жігіт: «мен болашақ әйелімді пешеходта қағып кеткенмін, оның көңілін аулайын деп жүріп қалай жар етіп алғанымды өзім де білмей қалдым ғой» дейді))). Кәдімгі позитив сыйлады маған). Емханада жұмыс істейтін жақсы танысым бар. Өзі 40-қа жақындағанда тұрмысқа шыққан. Оның болашақ жарымен танысқаны қызық. Бір күні қыста емханадан жұмыстан шығып, шаршап-шалдығып келе жатқан ғой. Жолда омбы қарға жығылып қалған. Сол жығылған күйі тұрмай, бетін қарға басып алып, боздап жылаған ғой. Бір жағынан жұмыстан шаршағаны бар, екінші жағынан жалғыздықтан әбден қажыған. Жылааап жатса, біреуі түртеді дейді. Қараса, бір әп-әдемі жігіт тұр дейді. «Қарындас, сізге не болды, тұрыңыз» депті әлгі жігіт. Бұл болса, «шаруаңыз болмасын» деп одан әрі дауысын үдеткен. Опщм, жылаудың соңы екеуінің тіл табысып, үйленуімен аяқталған. Қазір екеуінің екі баласы бар бақытты отбасы)))). Уот, қыздар, өмірде осындай да болады, сондықтан үмітті ешқашан үзуге болмайды. Құдай беремін десе форточкадан да бере салатынын ұмытпаңыздар))).  

 

Қымбат Тоқтамұрат

Фейсбуктегі парақшасынан

Alashainasy.kz 

[:]