АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында айналымға қосымша 126 мың га суармалы жер енгізілетін болады[:]

[:kz]

Алматы облысы республикада ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

 Мәселен, облыста еліміздегі сояның 97%, жүгері мен қант қызылшасының  64%, жеміс-жидектің 37%, көкөністің 25% өсіріледі. Оған қоса аймақ еттің 20% , сүттің 13%, жұмыртқаның 23 процентін өндіріп отыр.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы АӨК-ке 36 млрд. теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда 31 %  артық.

— Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңын  948 мың гектарға жеткіздік. Мемлекет басшысының аграрлық салаға жаңа технологияларды енгізу туралы тапсырмаларын орындау бағытында   облыста жердің 17% озық технологияны қолдану негізінде өңделеді. Соның арқасында дақылдардың өнімділігі 34 % артты, — деді А. Баталов.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

[:]