[:kz]
Өзбекстанда аты-жөні белгісіз қария өзінің 4 жастағы немересін сабап жатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, — деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. Видеода қария кішкентай қызға «Анаңа керек емессің, сонда маған керекпін дейсің бе? 2 жылдан бері мен сені бағып келемін. Ал анаң болса Түркияда көңілдесімен қыдырып жүреді», — деп айқайлап, қызын сабайды. Ал кішкентай қыз атасына «иә, жоқ», — деп қана жауап берді. Видеодан атасы немересін үйден қуып жатқанын көруге болады.
Бұл оқиға Өзбекстандағы бағдарламалардың бірінде талқыланды. Өзбекстанның заңына сәйкес кішкентай сәбиге зорлық-зомбылық көрсеткен азамат қатаң жазалануы тиіс. Алайда әлгі азаматтың кім екені әлі белгісіз болып отыр. Заң қызметкері қылмыскерді тауып, заң бойынша жазалайтынын айтты.
[:]