АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады[:]

[:kz]

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с-ға жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

 

[:]