АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Зеренді ауданындағы сүт бағытындағы кооператив Көкшетаудағы зауыттарға жарты жылда 500 тонна сүт тапсырған[:]

[:ru]

Ақмола облысының Зеренді ауданында ағымдағы жылдың наурыз айында «Әлихан-Әмір» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылған. Кооператив Көкшетау қаласындағы өндіруші кәсіпорындарға күніне 2,5 тонна сүт жеткізіп тұрады, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы «Әлихан-Әмір» кооператив мүшелерін «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті бағыттағы мал сатып алу үшін қаржыландырған. Сондай-ақ, кооператив қордан несие алып, наурыз айынан бері сүт қабылдау бекетін ашқан. 

«Әлихан-Әмір» кооперативінің төрағасы Құнанбай Серғазинов: «Бізде 31 шағын шаруашылық біріккен. Сүтті кооператив мүшелерінен бөлек ауыл тұрғындарынан да қабылдаймыз. Күніне 7 тоннадай сүт жиналады. Жалпы                8 ауылдан, шамамен, 200 шаңырақ тапсырады. Қазіргі таңда 4 сүт таситын көлігіміз бар. Сәуір айынан Көкшетаудағы зауыттарға 500 тоннадан астам сүт жеткіздік. Бұл ауыл тұрғындары үшін де тиімді», — дейді.

Атап өту керек, бұл – отбасылық бизнес. Қ.Серғазиновтың ұлдары Данияр мен Дархан да ауылдардан сүт жинайды. Алдағы уақытта шаруашылықтарын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ал осы кооперативтің мүшесі Қабиден Қайырқожаұлы 4 млн. теңге несие алып, 16 бас ірі қара сатып алған. Күніне 100 литрдей сүт тапсырады. Оның айтуынша, мал ұстау – ауылдағы күн көрістің көзі. Бір жағынан сүт тапсырса, екінші жағынан ет тапсырады. Шаруашылықты одан әрі дамытсақ деген үмітте.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалы директорының орынбасары Абзал Кенжеахметовтың айтуынша, облыс бойынша бүгінгі таңда 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қордың қатысуымен 38 кооператив құрылса, оның 25 – сүт, 13 – ет бағытында. Мұндай кооперативтің құрамына әрбір ауыл тұрғыны кіре алады. Сүт бағыты бойынша 6 млн., ет бағытына 4 млн. теңгеге дейін несие беріледі. Бағдарлама 2021 жылға дейін жалғасады. Бұл – ауылдың тұрмысын жақсарту үшін қолайлы бағдарлама болып табылады.

Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаржыландыруымен республикада 400-ден астам кооператив құрылған. Сонымен қатар, 5,8 отбасылық мал бордақылау алаңын, 134 сүт қабылдау бекетін, 54 сою бекетін, 133 мың ауылшаруашылық жануар басын алуды қаржыландырған.

 

Алтынорда

 

[:]