АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Танымал саясаттанушы Назарбаевтың билікті кімге қалдыратынын айтып берді[:]

[:kz]

Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев президент, үкімет және парламент арасында билікті қайта бөлу жөніндегі Қазақстанда басталған саяси реформаға пікір білдіріп, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын кім басуы мүмкін деген адамдардың есімін атады, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Қазақстанда биліктің алмасуына әзірліктің жүріп жатқанына бірнеше жыл болды. Ислам Кәрімовтің өлімі бұл үдерісті жеделдетті… Барлығын Назарбаев өзінің орнына кімді қалдыруы мүмкін деген сұрақ мазалауды. Қазіргі билікті қайта бөлу президенттің әртүрлі ойыншылар арасында, атап өткенде парламентті күшейту әрекеті бөлігінде күштердің балансын құру әрекетіне келеді.Елбасы Парламентті күшейтпекші. Бұл Қазақстанның жағдайында оңай болмасын ескеру керек.

Дегенмен халықты Назарбаевтың мұрагері кім болады деген сауал көбірек мазалайды. Бір анығы, келесі президенттің өкілеттігі әлдеқайда шектеулі болады. Қазіргі жасалып жатқан дүниелердің барлығы осыған негізделген. Келесі президент әлсіз ойыншы болуы мүмкін. Демек, оны бақылау да жеңіл болады.Ал мұрагерлер туралы айтсам, олардың тізімі баяғыша және өзгеріссіз келеді.

Бұған президент отбасын оның ішінде Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаевты, қазір ҰҚК басшысының орынбасары қызметін атқаратын Елбасының немере інісі Самат Әбішті және ескі гвардия қатарындағы азаматтарды атап айтуға болады.

Ал Тасмағамбетов туралы айтсам, ол халық арасында аса танымал тұлға. Ел оны жақсы көреді. Алайда оның достарымен қатар дұшпандары да көп. Сосын жүздік факторды да жоққа шығаруға болмайды. Ол Кіші жүздің баласы. Ұлы жүз бен Орта жүздің өкілдері бұл шешімді қолдай қоюы неғайбыл», — дейді Сәтпаев

.qazaquni.kz

[:]