АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]24.KG АГЕНТТІГІНЕН 5 МЛН СОМ ТАЛАП ЕТКЕН ЖЭЭНБЕКОВ АРЫЗЫН ҚАЙТАРЫП АЛДЫ[:]

[:kz]

Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков 24.kg ақпарат агенттігінен 5 миллион сом моральдық өтемақы талап еткен арызын қайтарып алды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады. 

24.kg агенттігінің негізін салушы Әсел Оторбаеваның айтуынша, Сооронбай Жээнбеков Бішкектің Свердлов аудандық сотынан агенттіктің үстінен түсірген арызын қайтарып алған. Осының негізінде агенттікке қарсы іс қысқартылып, сот ол жайлы агенттікке хабарлаған.

Бірақ президент осы агенттік сайтына шыққан мақаланың авторы, журналист Кабай Карабековтен 5 миллион сом өндіріп беру туралы арызын қайтып алмаған.

Былтыр қыркүйекте сол кезде президенттіктен үміткер болған Жээнбеков өзін «радикалды араб ұйымдарымен байланысы бар» деп айыптайтын материал авторын сотқа бергенін хабарлаған. Бұл материалды «24.kg» сайтына Жогорку Кенештің экс-депутаты Кабай Карабеков жариялаған.

Ал қазан айында Бішкек қаласы Свердловский ауданының соты Сооронбай Жээнбековтің «24.kg» агенттігі мен Кабай Карабековке жазған арызын қарап, оларды Жээнбековке әрқайсысы 5 миллион сомнан (73 мың доллардан астам) өтемақы төлеуге міндеттеген.

turkystan.kz

[:]