[:kz]
Ан-148 ұшағында қайтыс болған жолаушылардың бірі Илья Ставскийдің бүгін туған күні. Илья Ставский бүгінгі жантүршігерлік апат болмағанда 33 жасқа толатын еді.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек Илья шығыс философиясына қатты қызығыпты. Ол өзінің әлеуметтік парақшасына соңғы рет сағат 13:58-де кірген.
Еске салсақ, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны анықталды. «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.
фота Ⓒlife.ru
[:]