[:kz]
АҚШ-тың Техас штаты Уэтерфорд қаласындағы түрмеде бұрын күзетші болып жұмыс істеген Гэри Гримм инфаркт кезінде оған көмектескен сотталушыларға алғыс айтты, — деп жазады Lenta.ru WFAA порталына сілтеме жасап. Ер адам камераны бақылап отырған кезде есінен танып қалған. Камерадағы сотталушылар ер адамның өзін нашар сезінгенін байқап, айғайлай бастаған. Бірақ олардың айғайын ешкім елемегендіктен, олар шерифтің көмекшілерін шақыртып алып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Осылайша, сотталушылар күзетшісінің өмірін сақтап қалған. «Олар менің өміріме қандай да бір зиян келтіргісі келгенде ештеңе істемей, жай ғана қарап отыра беретін еді», — дейді Гэри Гримм. Ер адамның айтуынша, сотталушылар оны кепіл ретінде алып, қорқытып, қашып кете алар еді. «Олар есірткі қолданса да, жалған чектер дайындап, балаларды зорлаған болса да, олар адамдар. Мен оларды айыптайтын судья емеспін», — деп тағы алғысын айтты Гэри Гримм.
/kaz.tengrinews.kz
[:]