[:kz]
Алматыдағы автобустардың бірінде жас жігіт «Намаз оқыңдар! Аллаһ бар» деп жұрттың мазасын алған. Тіпті оның бұл әрекетін дұрыс емес деген жолаушы әйелге «шайтан» деп жекіп тастаған видеосы желіге тарап кеткен.
Видеода жігіт: «Намаз оқыңдар. Аллаһ бар. Адамдардың ойларын білгім кеп тұр», – деп автобустағы әр адамға бір қарап, қолдау күтеді.
Жолаушылар ішінен орыс әйел оның бұл әрекетінің дұрыс емес екенін түсіндіруге тырысып, полиция шақыратынын ескертеді. Бірақ жігіт оның сөзін құлағына ілмей: «бұл шайтан» деп сұқ сауғымен әйелді көрсетеді. Жолашулардың «ал өзіңіз кім боласыз?» деген сұрағына «білмеймін, білмеймін кім екенімді» деп бірнеше рет қайталайды.
Ал заңгер жігіттің бұл әрекеті заңға қайшы екенін айтып отыр.
«Дін туралы» заңды бұзған жағдайда Кодекстің 490 бабымен әкімшілік жауапқа тартылады. Атап айтқанда діни жиын өткізіп, жұртты үгіттегені үшін құқық бұзушыға 50 АЕК айыппұл салынады», – дейді заңгер Серік Айтбаев «31» арнаға берген сұхбатында.
sn.kz
[:]