АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Күйзеліспен күресте көмектеседі[:]

[:kz]

Қыстағы күн жарығының жетіспеуі мен температураның өзгеруі адам ағзасына, көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Адамда шаршау, әлсіздік пайда болады. Сондықтан осы кезде ағзаны қажетті витаминдермен толықтырып, нығайтқан дұрыс. Көктемгі күйзелісті жеңу үшін мамандар мынадай кеңестер береді: 

 

Әлсіздік байқалып, көру қабілетіңіз нашарласа, А ви­таминін (сәбізде, қызанақта, көк бұршақта көп), жүйкеңіз жұқарып, шашыңыз түсіп, тырнақ сыну байқалса, В витаминін (пиязда, шпинатта, горохта мол), ағзаңызда зат алмасу процесі нашарлап, буындарыңыз сыр беріп жатса, С витаминін (картопта, орамжапырақта, салаттарда, бұрышта, редискада бар) пайдаланыңыз.

 

Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді еттарт­қыштан өткі­зіп, балға араластырып, күніне 3 рет, 1 шай қасықтан жеңіз. Сары мейізді жиі жеу адам бо­йын сергітіп, жұмыс қабілетін арт­тырады. Оның 100 грамынан тәулікке қажетті С витамині табылады.

 

Күніне бір алма жеуді әдетке айналдырыңыз. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі.

 

Қант қызылшасы қанды көбейту, қақырықты босату, сіңір­лерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдалы. Адам ағзасындағы артық тұзды қуады.

 

Сәбіз тағамда витаминнің жетіспеуінен болатын ауруды жоя­ды, ағзаның тұмауға қарсы қабілетін кү­шейтеді, зат алмасуын жақсартады.

 

Сондай-ақ көктемгі тамақ құрамында сүт өнім­дерінің, қа­зы-қартаның, сүр еттің болғаны жақсы.

 

Ұйқыңыз тыныш болсын. Күніне 8 сағат ұйықтауыңыз керек. Мүмкіндігіңіз болып жатса, түс уақытында мызғып алу да артықтық етпейді.

 

Гардеробыңызда ашық түсті киімдер мен аксессуарлар көбірек болсын. Сарғыш түсті көйлек немесе орамал күйзе­ліспен тамаша күресе алады.

 

Өзіңізге ұнайтын эфир майы қосылған хош иісті ванна қабылдаңыз. Бұл көңіл-күйіңізді көтеріп, сергітеді.

 

Көбірек қимылдаңыз. Физикалық белсенділік мұн­дай сәт­терде таптырмас көмек болмақ.

 

С. МАҚҰЛБЕК.

zamana.kz

 

[:]