[:kz]
Банкир Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша сотта қылмыс себептерінің бірі айтылды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының дерегіне сүйеніп.
«ТұранӘлем» банкінің басқарма басшысын өлтірді деген айып Мұратхан Тоқмәдиге тағылып отыр. Сотта банктің қауіпсіздік қызметі басшысы болып істеген Николай Кузьменко жауап берді. Оның айтуынша, түрмеден шыққанан кейін бүкіл активінен айырылған Мұхтар Әблязов Ержан Тәтішевке ашулы болған көрінеді.
«Шыққан кезде, Тәтішев немесе банк оның үлесін қайтарады деп ойлады. Бірақ арты жанжалға ұласты: бірі уәде берді, екіншісі орындамады. Маған Мұхтар есінен адасқандай болып көрінді. Сондай дарынды адам, гроссмейстер, шахматшы, ол іс-әрекетін 12-15 жыл бұрын есептейді. Енді келіп ойы іске аспай қалды. Оған ақшадан бұрын, жалпы процесс маңызды болды», — дейді Кузьменко.
Қазақстанның арнайы қызметі 2017 жылы 12 маусымда «ҚазШыныҚұрылыс» ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді ұстады.
qamshy.kz
[:]