[:kz]
ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Фукусима экологиялық қауіпсіздік орталығы (Жапония атом энергиясы агенттігі) Атом көлінің айналасындағы мәселе және оны ғылыми-шаруашылық мақсатта пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны бастады.
Жасанды көл бұрынғы Семей полигоны аумағында жер асты ядролық жарылыстарының негізінде Шаған және Ащысу өзендерінің сағасында 1965 жылы пайда болған. Сынақтар нәтижесінде тереңдігі 100, диаметрі 400 метрден асатын көлшік пайда болған. Алдағы уақытта бірлескен топ жасанды көлден көптеген зерттеулер жүргізбек. Атап айтқанда, нысан аумағында жасанды радионуклидтердің таралу сипатын, әртүрлі ауа райыны жағдайында оның атмосфераға енуін және басқа да жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр. Алынған мәліметтер негізінде, Атом көлі аймағындағы экологиялық жағдайдың халыққа және қоршаған ортаға әсері бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
baribar.kz
[:]