АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ОҚО Көші-қон полициясының басшысы ауған азаматтарына ҚР азаматтығын әпермек болған[:]

[:kz]

Оңтүстік Қазақстан облысында Көші-қон полиция басқармасының басшысы ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ірі шенеунік 3,5 мың доллар пара алып жатқан кезінде қолға түсіпті.

Today.kz порталының мәліметінше, басқарма басшысы бұл ақшаны Ауғанстан азаматтарынан алып, оларға Қазақстанның азаматтығын әпермек болыпты. Оны ұстау операциясын ҚР ҰҚК мамандары жүргізуі де содан.

«ҰҚК департаментінің шұғыл-тергеу тобы ОҚО ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесе 10 сәуір күні 3,5 мың доллар ақшаны және 30 мың доллар жалған ақшаны пара ретінде алып жатқан көші-қон полициясы басқармасының басшысы Нұрдәулет Төлегенұлын қолға түсірді. Ол аталған қаражатқа Ауғанстанның 4 азаматына Қазақстан Республикасының азаматтығын әпермек болған», — деп мәлімдеді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Оның айтуынша, күдікті қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.

sn.kz

[:]