АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қалаулымнан» әйел іздеп жүрген әкемді көрген қарындасым өзін өлтірмек болды[:]

[:kz]

 

Өмірлік серігін жолықтыруды армандап, отау құрғысы келетін жандарды таныстыруды мақсат тұтқан «Қалаулым» бағдарламасында түрлі жағдайлар болып жататыны белгілі. Бағдарламаны қолдайтында да, қарсы сын айтушылар да аз емес.

Бүгінгі тікелей эфир кезінде де бағдарлама шытырман отбасылы оқиғаға ұласып кетті.

Бағдарламаның Индира есімді кезекті кейіпкеріне жүрегін ұсынып, жақын танысуда мақсат етіп келген ер адамның ұлы тікелей эфирде хабарласты. Ол бағдарлама кезінде әкесіне өкпе-назын айтты.

“Әкеміздің “Қалаулынан” жар іздеп жүргенін көрдік. Бұл бізге оңай тиген жоқ. Мені, анамды ойламаса да, бес қызын, кәмілетке толмаған екі қызын ойламады ма? Кіші қарындасым тіпті өзіне қол салмақ болыпты. Ел алдына шығып, әйел іздеп жүрген жақсы болды ма?”, деп сұрады ұлы тікелей эфир кезінде.

Алайда әкесі ұлы мен отбасына деген өз ренішін айтты.

“Мені шеберханада жатқаныма 7 жыл болды. Мені ойладыңдар ма сол кезде? Не таңғы не түскі тамаққа шақыруды білмейтін едіңдер, өздеріңнің қарындарың тоқ болса болды. Мені ойладыңдар ма? Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без деген. Тұтқаны қой, тағы бірдеңе айтып бүлдіресің”, – деді әкесі.

“Ондай жағдайға өзің жеткіздің” деген ұлы сөз соңында әкесіне бақыт тілеп қоштасты.

Дереккөз: Stan.kz.

[:]