АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тауық етінен сақ болыңыз! Қазақстанға Ресейден жеткізілген құс етінен ауру табылды[:]

[:kz]

Ресейден жеткізілген сапасыз құс еті еліміздің 7 бірдей облысына тарап кеткен. Ал олардан сальмонеллез ауруын тарататын бактериялар табылыпты. Еліміздің бас санитар дәрігері осылай деп дабыл қақты.

Айтуынша, елімізге сырттан жеткізілетін барлық құс етінің 10 пайызы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Ал Ресейден әкелінген әлгі ауру ет Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Алматы облыстарының дүкендерінен анықталыпты. Мамандардың айтуынша, құс етін құйтұрқылықпен сататындар әсіресе, ет құрамына антибиотиктер мен гармоналды препараттар егіп жіберуге әбден машықтанып алған. Яғни, етті ісіндіріп, мұздатып салмағын арттыру үшін фосфат аралас екпе салады. Бар бәле осыдан. Өйткені, ет мұздаған кезде бұлшықеттері ажырайды да ондағы бактериялардың таралуы 2-3 есе артып кетеді.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

— Жыл басынан бергі 4 айда импорттық құс өнімдеріне 1244 сынама жасап, соның 32 пайызы талапқа сай келмейтінін анықтадық. Оның ішінде, тауар белгісінің дұрыс қойылмауына дейін бар. Ал тек ет сапасы бойынша 1,5 тонна қауіпті өнім анықталды. Оларға миллион теңге айыппұл салдық.

Дереккөз: КТК телеарнасы

[:]