[:kz]
Ауызашар беріп жатқан адамның бар-жоғын түгендеп, сынап, дастарxанын менсінбей кеткендерді де көрдік. Немесе өзі ауызашар беріп отырып, тарылып, оң пейілін бермегендерді де көрдік. Сөйтіп алып мұсылманбыз дейміз… Бәріміздің асығатынымыз — бір сауап емес пе? Ешкім ешнәрсеге міндеттемейді, бұл — сән де емес. Тіпті ауызашар бермесең де еркің. Бүгін ауызашар мен бердім, енді сен бер дейтін қарыз да емес.
Алланың разылығы үшін. Сауап үшін…
Айгүл Бажанова
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]