АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды[:]

[:kz]

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап темекі бағасы 20 теңгеге қымбаттап, 360 теңгені құрайды.

Қазақстанда үкіметтің 2007 жылғы 4 сәуірдегі «Сүзгілі, сүзгісіз темекілер мен папиростардың бөлшек саудадағы ең төменгі құнын белгілеу туралы” қаулысына түзетулер енгізуге сәйкес, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап темекі бағасы 20 теңгеге қымбаттап, 360 теңгені құрайды.

Құжатта көрсетілгендей, сүзгілі 20 шылым түріне, сүзгісіз және папиростарға бөлшек саудадағы ең төменгі баға 360 теңге болып бекітілді – 2018 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанға дейін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 380 теңге.
 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында темекінің ең төменгі құны 340 теңгені құраған.

baribar.kz

[:]