АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мен қыздармен «күйеуге тиіп, бір айдан кейін ажырасам» деп ақша үшін бәстестім[:]

[:kz]

Бір құрбымның осыдан бір жарым ай бұрын інісі үйленген. Құрбым жалғыз інім үйленді деп қуанып, тойдың фото-видеоларымен бөліскен болатын. Ана тойды көргенде арманда көрмегенде арманда. Керемет болған енді. Жалғыз бала болғасын ата-ана бауырлары барын салған. Келесі күні құдалығын шақырған. Бірақ….

Тым жақсы шайын құйып, тамағын пісіріп жүрген келін 1 айдан кейін түлен түрткендей үйіне кетіп қалған. Күйеуімен ұрсыспағанда. Артынан неге кетіп қалғанын біліп,алып кетуге барған күйеуіне берген жауабы: мен қыздармен бір ай тұрып сосын кетемін деп бәстестім. Сағанда сол үшін күйеуге тидім. Бәске млндаған ақша қойылды соны алуым керек деген жауап алған. О заманда бұ заман ұлы сезім махаббатты бәске тігілген ақшамен өлшеуін-ай. Сонда махаббаттан ақша маңыздырақ болғаныма. Ақша кетеді ал махаббат мәңгі қалатынын түсінбегені ме сонда.

 

Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]