[:kz]
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық әріптестерінен Ыстықкөл облысында тікұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін көмек сұрады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығының басшысы Мұхаммед Сваров айтып берді.
«Қазақстан тарапы сұранысты қабылдады, көрші республиканың ІІМ тікұшақ жіберді. Құтқарушылар мінген әскери тікұшақ келе жатыр», — деді М. Сваров.
Еске сала кетейік, апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының бортында 15 адам, соның ішінде тоғыз турист болған. Олардың төртеуі зардап шеккен. Тікұшақ бүгін таңертең шұғыл қонуға мәжбүр болып, күшті жел салдарынан аударылып кеткен болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
[:]