[:kz]
Осыдан 4 жыл бұрын Ұлықпан Жолдасов тұңғышын үйлендіріп, қуашынышы қойнына сыймай, ұланасыр той жасап еді. Сөйтсе, 1 жылдан кейін-ақ жаңа түскен келіндері кетіп қалыпты. Бұл туралы әншінің әйелі Айған Жолдасова желідегі парақшасында жазды.
«Балапаным, жасың құтты болсын! Денің сау болсын! Абыройлы бол» , – деп жазды Айған Жолдасова.
Жолдасовтар отбасымен жақсы араласатын Димаштың әке-шешесі де Болатты меншікті мерекесімен құттықтап келді. Бір құшақ гүлін ұсынған Света Құдайбергенова байқамай қалды ма екен, «той болсын, келін келсін» деп тілек айтты.
Көпшілік Света Құдайбергенованың бұл сөзіне түсінбей, Болаттың отбасылы екенін, қайдағы келінді меңзеп отырғанын жан-жақтан жамырап сұрай бастады. Айған Жолдасова көптің сауалына «Айтпасыма болмай тұр. Ұлым 3 жылдан бері әйелімен тұрмайды» деп қысқа жауап қайырды.
sn.kz
[:]