[:kz]
WhatsApp әлеуметтік желісінде белгісіз әйел 7 жасар қыздан газды екі сағатқа қосып қоюын сұрағаны жайлы аудио тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол газ қызметінің жұмыскері болып танысып, қыздан үйден кім барын сұрап, газдағы отты екі сағатқа жағып қоюын талап еткен. Бұл ісін газ құрылғысын тексеру мақсатында жасап жатқанын ескертеді. ҚР Ішкі істер департаментінде бұл аудиожазбаға қатысты пікір білдіріді. «WhatsApp мессенджері арқылы қыздан қауіпті әрекет жасауды сұраған қызметкер туралы жалған аудио таралды. ІІД өкілдері бұл ақпараттың жалған екенін ескертеді, әлеуметтік желідегі хабарламаларға сенбеуді сұрады», — деді ведомство өкілдері. ҚР ІІД өкілдері қазақстандықтарға, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық істер қодексі бойынша жауапкершілікке тарту жазасы барын айтып ескертті.
kaz.tengrinews.kz
[:]