[:kz]
Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтардың барлығы жаппай қой сатып алып, оны құрбандыққа шалмақ.
Алматылықтардың көбі жергілікті мал базарларынан қой сатып алуға кірісті.
Биылғы көрсеткіш бойынша, қойлардың бағасы былтырғыдан өзгеріске ұшырамаған. Сол қалпы, 20 және 45 мың теңге аралығын ұстап тұр. Одан бөлек, қойды өздігінен соя алмайтындар үстінен ақша төлеп, малды бауыздатып алу мүмкіндігіне де ие. Бұл қосымша қызмет 5000 теңге көлемінде бағалануда.
Қойлардың бағасы олардың жасы мен салмағына тікелей байланысты. Жасы бірден асқан әрі салмағы үлкен болған қойлар сәйкесінше қымбаттырақ тұрады.
Алматыдағы 49 мешіттің 22-де құрбанды өз аумақтарында шалуға рұқсат берілді. Олардың барлығы санитарлық тұрғыдан толығымен қамтамасыз етілген.
Жылда қой алып келіп сататындардың айтуынша, құрбан шалушылардың қатары жылдан жылға артып келеді.
» Өткен жылы 130 бас қой алып келгенмін. Олардың 97-ін саттым. Ал биыл барлығын сатып алып кетеді деген ойдамын», — дейді сатушының бірі Мұханбет Қанағат.
Сонымен қатар мал базарда мереке орай тек қой ғана емес құны 500 000 теңгеге дейін жететін ірі қарада сатылуда.
Кәсіпкерлердің сөзінше, қасиетті мерекеде қойларге деген сұраныс еселей түседі.
«Нан сияқты сатып алып жатыр», — дейді сатушылардың бірі.
kyn.kz
[:]