АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Асқазаны күйіп кетті: Ыдыс жуатын сұйықтық ішіп қойған бір жасар қыздың анасы жанайқайын жеткізді[:]

[:kz]

 

 

Өскеменде бір жасар бүлдіршін Жанерке Жеңіс абайсызда ыдыс жуғыш сұйықтықты ішіп қойған. Салдарынан Жанеркенің асқазаны күйіп, бүгінде тіпті  тамақ ішуден қалған

Жанеркенің анасы Айгүл Қуандықованың айтуынша, оқиға осы жылдың қаңтар айында болған екен.

«Біз Өскеменде жер үйде тұрамыз. Күн суытқан соң, көмір әкелуге сыртқа шыққан едім. Қайтып кіргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Қызым химиялық жуғышты ішіп отыр екен.

Дәрігерлер бүлдіршіннің күйіктен жиырылып қалған азқазанына жіп арқылы көздей тесік жасап қойған. Оның күші бір жарым аптаға ғана жетеді. Одан кейін асқазандағы күйік жиырылып, қызым қайтадан су да тамақ та іше алмай қалады», – дейді Жанеркенің анасы.

 
 

Өмірі үшін үш күн арпаласып келген, осы уақыт аралығында 29 түрлі ем-шарадан өткен Жанеркенің  бүгінде тек құр сүлдесі қалған.

Бұл күнде қызының тіпті күлмейтінін айтқан шарасыз ананы сәбиінің толықтай жазылып кетуге мүмкіндігі бар деп отыр. Ол үшін Омскіде емделуі керек. Алайда оған қаржы қолбайлау екен. Жанеркенінің операциясына, қаралуына, жатар орынмен, жол пұлына 400 мың теңге қаржы қажет.

Сондықтан да бүлдіршіннің ата-анасы қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.

Көмек көрсету риквизиттері: Kaspi Gold: 5169 4931 8419 1693 ИИН: 870519302959 Куандыков Ерлан Женисович (әкесі) Halyk Bank: 4390 8782 6537 3257 ИИН: 630604400209 Давлетова Светлана Владимировна (апасы)

kyn.kz

[:]