[:kz]
Кеше Abai.kz ақпараттық порталында белгілі қоғамдық белсенді Талғат Қатауовтың «Пушкинге ескерткіш қойған Орал Махамбетке бюст те орнатқан жоқ» атты мақаласы жарияланған еді. Бүгін біздің порталға Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарласып, мақала авторының айтқандарын жоққа шығарды.
Қазір Оралға Исатай мен Махамбет батырларға арналған ескерткіш орнату жұмыстары басталып кеткен.
;feature=youtu.be
Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіноов былтыр арнайы мәлімдеме жасаған.
2018 жылдың 29 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлының төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және мемориалдық тақталарды орнату мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткен.
Комиссияда «Исатай мен Махамбет батырларға арналған атты композиция» ескерткішінің эскиздік жобалары қарастырылған.
Конкурсқа қатысуға мүсіншілерден 6 өтініш келіп түсті: Келіп түскен өтініштердің ішінен үздік 3 жұмыс таңдап алынып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысына жіберілді.
2018 жылдың 27 шілде күні жоғарыда аталған комиссия отырысында ең үздік жоба ретінде Әбенов Р.А., Зиябеков Е.С. және Рустамбеков С.И. бірлескен жұмыстары таңдалды. Ескерткіш шамамен Орал қаласынан Подстепное ауылына кірер жерінде орналаспақ.
Редакциядан. Талғат Қатауов облыс әкімінің аузымен айтылып, онсыз да салынғалы жатқан ескерткішті жоқтап мәселе көтеруі білместік пе, жоқ әлде саяси ұпай жинаудың жолы ма? Бұл жайды автордың арына аманаттауды жөн санадық.
Abai.kz
[:]