[:kz]
Аяқсыз дүниеге келген астаналық он жастағы Әли Тұрғанбеков өз аяқтарымен мектепке барды. Көптен күткен протезды түркиялық мамандар жасады деп жазды Tengrinews.kz.
Instagram желісіндегі парақшасында, ол мектептегі алғашқы қоңырау кезінде түскен суретін жариялады.
Сондай-ақ, Әли ең жақын досы және мектеп мұғалімімен түскен суретін жариялады.
Шілде айының соңында баланың анасы түркиялық мамандардың Әлиге жаңа протез жасаумен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Бір апта өткен соң, ол өз аяғымен жүре бастаған.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық бала Марадонаға видеоүндеу жариялаған еді. Ол әйгілі футболшымен кездескісі келетінін айтқан. Кейінірек оның арманы орныдалды. Әли мен Марадона бірге футбол ойнады.
[:]