АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]“Яндекс” “Алиса” қызметіне қазақша сөйлеуді үйретеді[:]

[:kz]

Интернет қолданушыларының кез келген сауалына жауап бере алатын «Алисаны» орыс тілінен басқа тілдерге де бейімдеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

“Яндекс” компаниясының “Алиса” дауысты көмекшісі алдағы уақытта қазақ, белорус және украин тілдерінде сөйлейді.

Компания өкілдеріне сілтеме жасаған ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше,

“Яндекс” компаниясының “Алиса” дауысты көмекшісі алдағы уақытта қазақ, белорус және украин тілдерінде сөйлейді.

Компания өкілдеріне сілтеме жасаған ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, “Алиса” ТМД елдері тілдерінде сөйлеуді “үйренеді”. Дауысты көмекші жаңартылып, 2019 жылдан бастап, посткеңестік кеңістікте және басқа да елдерде жергілікті тілде сөйлемек.

“Яндекс” өкілі Матвей Киреевтің айтуынша, қазір компания тек орыс тілінде жұмыс істеп тұр. Дауысты көмекшіні басқа тілдерге масштабтау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

“Яндекстің” “Алиса” көмекшісі 2017 жылдың қазан айында ресми түрде іске қосылды. Қолданушының сөзін түсініп, оған жауап қайтара алатын бағдарламаны Ресей президенті Владимир Путин де сынап көрген. Бір айда “Алисамен” 28 миллиондай адам сөйлеседі екен. Қолданушылардың көбі роботтың қызметіне жоғары баға беріп отыр. Көпшілікке, әсіресе, оның эмоциямен жауап беруі, әзіл-қалжыңы, “бірбеткей мінезі” ұнайды. “Алиса” Ресейдің театр және кино актрисасы Татьяна Шитованың дауысымен сөйлейді.

ТМД елдері тілдерінде сөйлеуді “үйренеді”. Дауысты көмекші жаңартылып, 2019 жылдан бастап, посткеңестік кеңістікте және басқа да елдерде жергілікті тілде сөйлемек.

baribar.kz

[:]