АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасамақ болған 147 радикал ұсталды[:]

[:kz]

Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасамақ болған 147 радикал ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов мәслихат сессиясы кезінде айтты.

ІІД басшысы істің мән-жайы туралы толық ақпарат бермей отыр. Тек бұны ешқандай пиарсыз жүзеге асырғандарын айтады. Десе де Абисатов 147 радикалдың ұсталғанын журналистің берген сауалына жауап ретінде айтып қалды.

Сондай-ақ ол Алматыдағыдай терезелердегі темір торларды алып тастау әлі ерте екенін айтады.

«Бөлімшелерде де қару мен оқ-дәрілер бар. Министр азаматтар бізге еш кедерегісіз келуі керек екенін айтады. Біз оған жағдай жасап жатырмыз», — деді Ақтөбе облыстық полиция басшысы.

Дереккөз: Sputniknews.kz

[:]