[:kz]
Енді мектеп түлектері қаңтар айынан бастап ЖОО оқуға түсетін болады.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім саласындағы өзгерістерді баяндады.
Министрдің айтуынша, мектеп түлектері енді ақылы негізге қаңтар айынан бастап жоғары оқу орнына түсе алады. Осы себепті ҰБТ қаңтардан бастап бірнеше рет өтетін болады, деп хабарлайды Sputnik.
Білім және ғылым министрі президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу барысында бірқатар шара қолға алынғанын айтты.
“Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, мектеп түлектеріне шартты түрде қаңтардан бастап ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртіншіден, шетел азаматтары үшін стипендиялы бағдарламалар енгізу, оның ішінде қазақ диаспорасына қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беру. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделін енгізу. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Енді магистратурада гранттар студенттерге беріледі және олардың жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігі болады”, — деді Сағадиев үкімет отырысында.
Министрлдің мәліметінш, осындай шаралардан соң шетелге оқуға түсетін балалар саны үш есеге азайған.
“Енді түлектер қаңтар айынан бастап ақылы бөлімге құжат тапсырып, ҰБТ тапсыра алады. 50 балл жинаса, сол жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі бар. Егер грантқа түскісі келсе, онда жазда өтетін ҰБТ-ны күтуі тиіс”, — деді ол кулуарда.
[:]