[:kz]
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілікті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, елші мырза елшіліктің қосымша әкімшілік ғимаратын салу жөніндегі жалған құжаттарға қол қойған. Бюджетке келтірілген шығын 140 миллион теңгеге жуық деп бағаланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жазда Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат төлеу дерегі бойынша айып тағылған еді. Ал шын мәнінде онда ешқандай да жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Есесіне бюджеттен 70 миллион теңге қаржы аударылған. Ал бұл жолғы шығын одан екі есе көп.
Ж. ҚАСЫМ
.zamana.kz/
[:]