[:kz]
Министр: Бұл заңға барлық балабақша басшылары бірдей бағынуға міндетті.
Қазақстандағы барлық балабақшада бейнебақылау камералары орнатылады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Балаларды қорғау мақсатында балабақшаларға 40 мыңға жуық бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл шамамен 58 пайыз. Президенттің тапсырмасы бойынша, жергілікті әкімдіктер алдағы 2 жылдың ішінде барлық балабақшаны бақылау камерасымен қамтамасыз етеді», – дейді білім министрі.
Сонымен қатар Ерлан Сағадиев бейнебақылау камераларын орнату барлығына бірдей міндетті екенін атап өтті.
«Олар мұны жасауға міндетті. Және бізде сәйкесінше Жол картасы бар. Бұл ақпаратты барлығына жеткіздік», – дейді Сағадиев.
[:]