АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]7 жастағы қыз аштықтан көз жұмды[:]

[:kz]

Жеті жасар босқындар лагеріндегі йемендік қыз бала ақыры аштықтан көз жұмды. Бұл туралы «Fars news» агенттігіне сілтеме жасап ca-irnews.com хабарлайды.

Әлсіздік пен аштықтан зардап шеккен жеті жасар йемендік қыз баланың суреті алғаш рет The New York Times газетінде басылып шықты және оның бұндай халдегі суреті көптеген адамдарды бей-жәй қалдырмады.

Көптеген адамдар газетпен хабарласып, қызға және оның отбасына қалай көмек көрсетуге болатындығы және Йеменнен қалай алып кетуге болатындығы туралы сұрап жатты.

Алайда, бейсенбі күні қыздың отбасы The New York Times газетіне хабарласып, қыздың қазасы туралы хабарлаған. Қыздың шешесі The New York Times газетіне хабарласқан сәтте: «Менің жүрегім жараланды, қызым ақыры аштықтан көз жұмды. Алайда, мен басқа йемендік балалардың тағдыры не болады деп алаңдаймын»,- деген.

БҰҰ Йемендегі азық-түлікке зәру адамдардың саны сегіз миллионнан он төрт миллионға дейін жеткендігін мәлімдеді. Ал, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Йеменде 2015 жылдан, соғыс басталғаннан бері жалпы саны 6 мыңнан астам баланың қаза тапқаны мен зардап шеккені туралы хабарлады.

«Жас қазақ» ұлттық апталық газеті

[:]