АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еркебұлан Португалияға кетуі мүмкін[:]

[:kz]

Еліміздің жас талантты футболшыларының бірі Еркебұлан СЕЙДАХМЕТ биылғы жылдың басында Ресейдің «Уфа» командасына ауысқан. Әзірге 18 жастағы футболшының алаңға шығуы тым сирек.

Еркебұлан, әрине, әзірге жас. Мұндай жаста алаңға көбірек шығып, доп тебу маңызды. Сол кезде тәжірибе жинайды, буыны қатады.

Отандасымызды Башқұртстан клубына Сергей СЕМАК шақырған. Ол кейіннен «Зенитке» ауысып кетті. Сосын оның орнына Сергей ТОМАРОВ тағайындалған. Бірақ бұл маман қазақ футболшысына мүлдем сенім артпады десек те болады. Оның үстіне, команданың турнир кестесінде жағдайы қиын. Жақында бұл бапкерде көп тұрақтамай, жылы орнын суытуына тура келді. Әзірге бас бапкердің міндетін Дмитирий КИРИЧЕНКО атақарады. Біз осы орайда, Еркебұланның тез танылуына ықпал еткен бапкерлердің бірі, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Александр КУЗНЕЦОВПЕН хабарласып, пікірін білген едік. 

«Менің ойымша, «Уфа» бапкері Сергей Семак Еркебұланға сенім артқан кезеңде, ол жарақаттан көз ашпады.Денсаулығын қалпына келтіремін дегенше, Семактың өзі «Зенитке» кетіп қалды. «Тараз» командасында Талғаев жастарға сенім артты, себебі қаржының жоқтығы қолбайлау болып, легионерлердің төлейтін ақшаның болмауы жастарға тамаша мүмкіндік сыйлады. ҚПЛ-да  жастарға сенім артып, мүмкіндік беретіндер жоқтың қасы. Әр командада оның жасындағы екі жас ойыншы азды-көпті сенімге ие болып, ойнай алады.  Бұл жерде, мәселе мынада, ол осында келсе, қаншалықты тұрақты ойнайды?! Келісемін, тек ұлттық құрамада ойнау аздық етеді, практика керек, дубльде болса да… Меніңше оны «Зениттің» дублімен Ресейдің бірінші лигасында көретін секілдіміз, бәлкім Португалия чемпионатында. Бұл енді менің өз болжамым.Барлығына уақыт таразы. Еркебұланның болашағына қатысты мәселені өзі шешеді немесе агенті араласады. Тұрақты түрде ойнау қажет екеніне келісемін. Еркош енді 19 жастағы жасөспірімдер командасында ойнамайды. Әйтпесе біз Еуропаға іріктеу матчтарына аттанамыз, ал ол Стоиловқа керек. Мен бұл ойыншыға қатысты қолдан келгенімді жасадым, облыстан тауып алып, халықаралық матчтарға баптап қостым. Енді, міне, ұлттық құрамаға жол ашылды. Оны үздік футболшы атанар деп үміттенемін!», – дейді Александр Кузнецов.

Бек ТӨЛЕУОВ

zhasalash.kz

[:]