АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында «Кәсіпкердің жеке кабинеті» атты жобасы іске қосылды[:]

[:kz]

Жаңа сервисте бизнеске арналған ең қажетті және пайдалы қызмет түрлері тегін түрде ұсынылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев мәлімдеді.

«Кәсіпкердің жеке кабинеті қолжетімді және пайдалануы қиындықты тудырмайды. cabinet.atameken.kz сайтына тіркелген соң, кез келген кәсіпкерге тиісті ақпарат пен қызмет түріне тұрақты түрде қолдану мүмкін болады. Қазіргі таңда бірнеше сервистер енгізіліп, іске қосылды», — деп атап өтті спикер.

Бірінші қызмет түрі «Бизнесті құтқару қызметі» деп аталады. Шағын бизнес жедел түрде кеңес алу ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады.

Жеке кабинет арқылы кәсіпкерлер «Құжаттар конструкторынан» құжаттар үлгісімен танысып, жұмыс барысында қолданады. Бүгінгі таңда кез келген жағдай үшін заң тілінде сауатты жазылған 100 құжат үлгісі әзірленіп, тегін жүктеуіне мүмкіндік туып отыр.

«Адалдықты тексеру» сервисі арқылы кәсіпкерлер өзінің серіктесін 40 түрлі көрсеткіш бойынша тексере алады. Соның ішінде салық қарызы, әкімшілік және қылмыстық айыппұлдары, мемлекеттік сатып алу бойынша лицензиясының және т.б. құжаттарының бар-жоқтығы сияқты бағыттар. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП банкроттық немесе кәсіпкерлік субъектісін жабу (тарату) үрдістерінен өтіп жатқан кәсіпкерлер туралы да ақпаратты орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

««Кәсіпкерлік бастамалар» қызметі арқылы кәсіпкерлер бизнес ахуалды жақсарту бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, оны кең талқылауға және дауыс беруге шығара алады. «Атамекен» өз тарапынан бұл бастамаларды өкілетті органдардың назарына ұсынады», — деді Е. Датқаев.

«Кәсіпкердің жеке кабинетіндегі» маңызды қызметтердің бірі — «Digital КҚКО» қосымшасы. Сервис бойынша кәсіпкерге 61 қызмет тегін көрсетіледі. Мәселен, бухгалтерлік және есеп, ақпараттық технологиялар, құқықтық, кедендік рәсімдеу, қолдау шаралары бойынша ақпарат, кәсіпкерлердің өтініштерін сүйемелдеу, маркетинг, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, мемлекеттік сатып алу және т.б. Сонымен бірге, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, бизнес-жоспар мен сайт әзірлеуге өтініш беруге мүмкіндік бар. Басты ерекшелік — қызметтердің барлығын онлайн режимде алуға болады.

«Тамыз айынан бері Алматы облысының 700-ден астам кәсіпкері «Digital КҚКО» сервисі арқылы онлайн режимде қызмет түрлерін пайдаланды», — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, «Кәсіпкердің жеке кабинетіндегі» сервистер желісі алдағы уақытта «Сатып алудың бірыңғай терезесі» мен «Несие агрегаторы», «онлайн-касса» сияқты қызмет түрлерімен толықтырылатын болады.

[:]