АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көмірге талас кезінде қайтыс болған чемпионның туыстары қылмыстық істің бұрмаланып жатқанын айтты[:]

[:kz]

Жасұлан Абиев Семейде көмір кезегі үшін шыққан жанжалда пышақ жарақатынан қайтыс болған еді

Семейде көмірге талас кезінде көз жұмған қазақстандық спортшының жақындары қылмыстық істі тергеуде бұрмалаушылық орын алып жатқанын айтып, наразылық білдіруде, деп жазды КТК арнасы.

Естеріңізде болса, 12 қарашада түнгі 12 шамасында дзюдодан ел чемпионы атанған Жасұлан Абиев көмірге кезекке тұруға талас кезінде ажал құшқан болатын.

Ол Қаражыра көмір карьерінің сыртында көліктер кезегін реттеуші болып жүрген. Сол күні көмірге кезекке тұру үшін талас туындап, реттеуші болып жүрген спортшы басынан ауыр соққы алып, жан тапсырды.

 
 

Ал ұлдарынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан марқұмның ата-анасы күдіктілердің үстінен арыз жазуға барғанда істің бұрмаланып жатқанын байқаған.

Марқұмның жақындарының айтуынша, болған жағдай мен куәгерлердің сөзі мүлде үйлеспейді. Олардың сөзінше, спортшының өліміне бір адам емес, бірнеше адам кінәлі.

Алайда, Жасұлан Абиевтің өліміне кінәлі деген күдікпен бір ғана адам ұсталды. Бірақ, Әбиевтар отбасы күдіктілер 10 адамнан да көп дегенді айтуда.

Көмірге талас кезінде көз жұмған дзюдошының өліміне қатысы бар деген күдікпен 1994 жылы туған жігіт ұсталды.

Бүгінде адам өліміне кінәлі деп күдікке ілінген Семей қаласының тұрғыны уақытша ұстау абақтысына жабылды. Алайда, марқұмның туыстары куәгерлерден оқиғаның мән-жайын естіп білген соң дабыл қағып отыр.

Куәгерлер күдіктілердің топталып келгенін айтқан көрінеді. Енді, оқиға куәгерлерінің сөзіне сенген қара жамылған отбасы қылмыстық істі жүргізуде бұрмалаушылық орын алуда деп санауда.

“Кеше ата-анамыз арыз жазуға барғанда, бәрі бұрмаланғанын байқаған. Ол жерде екеуі ғана болған сияқты.

Яғни менің ағам мен оны өлтірген жігіт. Бірақ, бізде куәгерлер көп. Олар алғашында үш адам, кейін жеті адам болды деді. Ал, кеше 15 адам болғанын айтып отыр”,- дейді марқұмның қарындасы.

Қара жамылған Әбиевтар отбасы бұл жайтты естіген соң, топталып келген бұзақылардың барлығын жазаға тартуды талап етіп отыр. Олар бұл қылмысты бір адам жасады дегенге сенбейді.

Ал, кезекке тұру кезінде туындаған талас салдарынан көз жұмған дзюдадан ел чемпионы Жасұлан Абиевтің артында үш баласы әкесіз еңіреп қалды. Тұңғышы 6 жаста болса, сүт кенжесі небәрі бір жастан асқан сәби.

kyn.kz

 

[:]