АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанның энергетика вице-министрі қамауға алынды[:]

[:kz]

Қазақстанның энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа жұмыстан кетуге өтініш жазды. Бұл туралы бүгін министрліктің басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шкарупа жақында ғана қаржы жымқырды деп айыпталған  болатын. Үкімет кулуарында журналистер министрден орынбасарының қызметінен кеткен-кетпегенін сұрады.

«Ол жерде келісу ұзақ жүреді ғой – премьер-министрдің кеңсесі, президент әкімшілігі. Бірақ ол өтініш жазды, ал мен тиісті қолдаухатты өткен аптада премьер-министр мен президент әкімшілігіне жібердім», — деді Бозымбаев.

 
 

«Шкарупаның ұсталғанын білесіз бе?» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді.

Айта кетсек, Анатолий Шкарупа осы жылдың қазанында энергетика вице-министрі болып тағайындалған еді. Көп уақыт өтпей бас прокуратура вице-министрді ақша жымқырды деп айыптады.

Белгілі болғандай, Шкарупа 2015 жылы Саран қаласының әкімі болған кезде 215 миллион теңге жымқырған.

 Sputnik Қазақстан 

[:]