[:kz]
2018 жылдың он айлық тексеріс барысында азақ-түлік өнімдерінен 369 сынама алынып, оның 62-нен дұрыс қортынды шықпаған. Ал, 11 өнім мүлде қауіпті болып анықталды. Анығырақ айтқанда, ішек таяқшаларының, өнез микроорганизмдерінің болуы, өнеркәсіптік стерилділікті бұзуы көзге таңбадай басылған. Сонымен қатар, физика-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 8 сынамада және 43 сынама таңбалау бойынша сәйкес емес.
Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, аталаған фактілердің салдары обьектілерді жоспардан тыс тексеріс жүргізуге әкелді.
Осылайша, «Хуторок» дүкені сауда объектісінде «Русский рыбный мир» ЖШҚ Ресей, Мәскеу қ. өндірісінің балық өнімі «Бөлінбеген балтиялық қызанақ тұздығындағы килька» өндірілген күні 04.07.2018ж. және «Сардинелла табиғи май қосылған» өндірілген күні 08.06.2018ж. өнеркәсіптік стерильдікке сәйкес емес өнімдер анықталған. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес өнім субъектпен сәйкестікті растайтын құжаттарсыз сатылған, ол үшін жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта басқа сауда объектілерінде осы өнімді сату фактілерін анықтау шаралары жүргізілуде
Бұдан басқа, шайдың 3 сынамасында және ББҚ-ның 1 сынамасында өнез микроорганиздері анықталды: «Юнилевер Русь» ЖШҚ өндірісінің қалташалардағы «Lipton» қара шайы, «Орими» ЖШҚ өндірісінің «Шах GOLD» түйіршіктелген үнді шайы, «TOB SUN TEA çAY FABRIKI» Азербайджан өндірісінің «AZERçAY» жоғарғы сұрыпты шайы, «НПЦ Алтайская чайная компания» ЖШҚ өндірісінің «Алтайские травы сердечно-сосудистый чайный напиток» биологиялық белсенді қоспасы.
Барлық фактілер бойынша сәйкес емес өнімдердің себептері мен әкелушілерін анықтау бойынша жоспардан тыс тексерістер жүргізілуде.
Он айда өткізілген тексерістің нәтижесінде 580 кг қауіпті өнімдер сатылымнан алынып және жойылды, 5 тонна кәдеге жаратылды және өнім жеткізушісіне стандартқа сай емес 534 кг қайтарылды. Нәтижесінде 6 тоннадан аса стандартқа сәйкес емес өнімдер тұтынушылардың дастарханына жіберілмеді.
2018 жылдың 10 айында анықталған заң бұзушылықтар үшін және де оларды жою бойынша әкімшілік жауапкершілікке жалпы сомасы 660 мың теңгеден асатын 16 кәсіпкерлерлік субъектілері тартылды, мамандандырылған әкімшілік сотқа 21 материалдар берілді, оларды қарастыру нәтижесі бойынша 4 млн. тг аса сомасында айыппұлдар салынды.
Дегенімен, дүкен сөресіндегі азық түлік бағаларының өсуі тоқталар емес. Керісінше, жұрттың қалтасын едәуір қағып жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, кеше ғана 190 теңге бағасымен сатылған айран құны, бүгін 221 теңге бірақ шарықтаған.
zhasalash.kz
[:]